2022 жылдың сәуір айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 27.04.2022

Сәуірдің екінші онкүндігінде Қазақстанның оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының күздік бидай себілетін аудандарының кей жерлерінде орын алған жылы, шамалы жауын-шашынды ауа райы күздік бидайдың өсіп өнуіне қолайлы болған. Даму фазасы «3-жапырақ» - «сабақтану». Егістіктердің жағдайы өте жақсы және жақсы.  

Оңтүстік облыстарда жаздық дәнді дақылдарды (арпа) себу науқаны аяқталуда, жаздық бидайды, жылу сүйгіш дақылдарды (мақта, дәндік жүгері) себуге және егін себу жұмыстары алдында топырақты қажетті ылғал қорымен қамтамассыз ету үшін мақтаны ылғалмен зарядтап суаруға кіріскен.

Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарында жаздық арпаның жағдайы тегіс жақсы. Кейінгі кезеңдердегі егістіктерде даму фазасы «түйін тамырларының пайда болуы» - «сабақтану», кеш себілген егістіктерде «дәннің өнуі» - «3-жапырақ».

Алматы облысының Талдықорған станциясы маңайындағы бақылау учаскелерінде топырақты алдын ала өңдегеннен кейін жаздық бидайды себуге кіріскен, егін жұмыстарының сапасы жақсы.

Еліміздің солтүстік жартысында температуралық фонның жоғарлауы егістіктерде қардың тез еруіне ықпал еткен, шаруашылықтар ішінара жерді тырмалауға және жаздық дақылдарды себу үшін топырақты қопсытуға кіріскен.

2022 жылдың сәуір айының 2-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз