Қазгидромет халықаралық оқыту бағдарламасына қатысуда

IconЖарияланды 03.05.2022

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы, Германияның экономикалық ынтымақтастық және даму федералдық министрлігінің тапсырысы бойынша "Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы" жобасын іске асыруда.

Жоба, Қазақстан мен Өзбекстандағы мамандардың әлеуетін арттыруға арналған модульдік оқыту бағдарламасын ұсынады.

Біліктілікті арттыру, Eco-ARAL жобасы аясында Рейнер Лемоин институты мен Орталық Азияның Американдық университетімен ынтымақтастықта ұйымдастырылған.

1-ші модуль, ағымдағы жылдың ақпан айында Ташкентте (Өзбекстан) өтті, ол жерді бақылау (ЖБ) және геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) бойынша негіздерді қамтыды.

2-ші модуль ЖБ мен ГАЖ-ды кеңінен қолдануға арналды, ол да сол жерде 2022 жылдың наурыз айында өтті.

 Іріктеу қорытындысы бойынша, "Қазгидромет" РМК мамандары: жетекші ғылыми қызметкер — Турсын Тиллакарим және жетекші инженер-метеоролог — Тауке Козыке, оқудың алғашқы екі кезеңінен сәтті өтудің арқасында, мамыр айында Германияда өтетін апталық оқу сапарында оқуды жалғастыруға мүмкіндік алды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз