2022 жылдың сәуір айының 3-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 06.05.2022

Сәуірдің үшінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында байқалған жылы ауа райы және көбінесе нормадан көп жауған жауын-шашын Алматы облысында егіс жұмыстарының жүргізілуін шамалы қиындатқан, бірақ күздік бидайдың өсіп өнуіне қолайлы болған.

Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының бақылау учаскелерінде онкүндік бойы жаздық арпада «дәннің өнуі» - «түтікке шығу» даму фазалары байқалған, егін науқаны жалғасуда. Арпаның жағдайы көбінесе өте жақсы және жақсы болып бағаланған.     

Алматы облысында жаздық бидай себу науқаны жалғасуда, ерте себілген егістіктерде «көктеу» - «3-жапырақ» даму кезеңдері байқалған, бидайдың жағдайы жақсы.

 Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында, Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында және Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданының бақылау учаскелерінде топырақты алдын ала өңдегеннен кейін жаздық бидай себуге кіріскен, егін жұмыстарының сапасы жақсы.

Солтүстік облыстарда жаздық дәнді дақылдарды себу үшін топырақты дайындау (тырмалау, культивациялау, қопсыту, гербицидтермен өңдеу) қарқынды жүргізілуде.

2022 жылдың сәуір айының 3-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз