Қазгидромет аймақтық филиалдардың қызметкерлерін оқытуда

IconЖарияланды 19.05.2022

17 мамыр күні "Қазгидромет" РМК филиалдық инженерлердің қатысуымен үш күндік оқыту семинары басталды. Бірінші күн толығымен теориялық білімге арналды. 15 облыстан шақырылған мамандар, көктайғақ-аяз шөгінділері, ауа мен тұманның ылғалдылығы, борандар, шаңды дауылдар мен желдер бойынша көпжылдық бақылау деректеріне талдау жүргізді. Деректер кезеңі 2000 жылдан 2021 жылға дейін алынды. Стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстар және қауіпті құбылыстар өлшемдері бойынша талқылаулар мен түсініктемелерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Оқытудың агрометеорологиялық бөлігі, топырақты мұздату және еріту бойынша талдауды, бүкіл Қазақстан бойынша агрометеорологиялық бақылау учаскелерінің жай-күйін бақылауды қамтыды.

Семинардың екінші бөлімі "Нұр-Сұлтан" метеорологиялық станциясында өтті. Онда станциялардың бақылау алаңдарында аспаптарды дұрыс орнату және "Қазгидромет" РМК жерүсті бақылау желісі қызметкерлерінің жұмыстарына инспекция жүргізу бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз