Сел қаупті бюллетені

IconЖарияланды 20.05.2022

2022 жылдың мамыр айынан бастап "Қазгидромет" РМК жаңбыр генезисінің сел қаупінің күн сайынғы бюллетенін жариялай бастады. Бұған дейін Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі, тәжірибелі мамандарды тарта отырып, селдерді болжау қызметін қалпына келтіргенін хабарлаған едік. Бұл бөлімше қызметкерлерінің негізгі міндеті, қауіпті табиғи құбылыстардың әсерінен халықтың қауіпсіздігіне жауап беретін мемлекеттік басқару органдарына, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағының таулы аудандарында жаңбыр генезисінің сел қаупі туралы халықты және БАҚ-ты хабардар ету болып табылады.

"Қазгидромет" РМК сел қаупі бар кезеңде (мамырдан қыркүйекке дейін), жаңбыр генезисі селдерінің қысқамерзімді болжамдарын жасайды және кіші және Үлкен Алматы (Іле Алатау) өзендерінің бассейндері үшін дауылды ескертулер, сондай-ақ Қазақстан аумағының сел қаупі бар аудандары үшін жаңбыр генезисінің сел қаупі туралы консультациялар береді.

Барлық ақпарат "Қазгидромет" РМК сайтында қолжетімді: https://www.kazhydromet.kz/ru/selevedenie-str/selevedenie, сондай-ақ бұндай мәліметтер мемлекеттік органдарға, БАҚ-қа ұсынылады және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз