2022 жылдың мамыр айының 1-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 16.05.2022

Мамыр айының бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстігінде орын алған метеорологиялық жағдайлар тау бөктеріндегі аудандарда дала жұмыстарының аяқталуын біршама қиындатқан Алматы облысынан басқа аймақтарда жаздық дәнді дақылдарды себу науқаны аяқталды. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының жеке аудандарында көктемгі дала жұмыстары, тырмалау, сүдігер жырту, тыңайтқыштар енгізу және жаздық дәнді дақылдарды себу жұмыстары жалғасуда.

Шығыс Қазақстан облысында топырақты алдын ала дайындағаннан кейін (жырту, тырмалау және түптерді аршу) күнбағыс тұқымын себуге кіріскен, жұмыс сапасы өте жақсы және жақсы.

Алматы және Қарағанды облыстарында топырақты өңдеуге және картоп отырғызуға кіріскен, жүргізілетін дала жұмыстарының сапасы өте жақсы және жақсы. Қарағанды облысының Агрогородок және Киевка станцияларының маңайындағы учаскелерде картоп отырғызуға органикалық тыңайтқыштар енгізуге кіріскен.

Жамбыл облысының Сарыкемер агропостының маңайындағы бақылау учаскелерінде пияздың ерте егілген егістіктерінде алғашқы өскіндер пайда болған, өсімдіктердің жағдайы жақсы. Олар пияз екпелерінде өсімдіктерді суаруға және арамшөптерді гербицидтерімен өңдеуге кіріскен.

2022 жылдың мамыр айының 1-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз