2022 жылдың мамыр айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 26.05.2022

Мамыр айының екінші онкүндігінде республиканың солтүстік жартысындағы барлық астық егілетін аудандарында топырақты алдын ала өңдегеннен кейін (культивациялау, гербицидтермен, улы химикаттармен өңдеу) жаздық дәнді дақылдарды егуге кіріскен. Егін егуге қанағаттанарлық жағдай болған, жауған жауын-шашын, әсіресе елдің батысында топырақ ылғал қорын біршама толықтырған.

Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаздық дәнді дақылдардың ерте себілген егістіктерінде «дәннің өнуі» – «түйін тамырларының пайда болуы» фазасы байқалған, өсімдіктердің жағдайы жақсы.

Еліміздің оңтүстік облыстарында орын алған бірқалыпты жылы, кей жерлерде нормадан жоғары жауын-шашынды ауа райы жаздық дәнді дақылдардың өсуі мен дамуы үшін қолайлы болған. Жаздық бидай «дәннің өну» – «түптену» кезеңдерінде, жаздық арпа «көктеу» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы», ерте егілген егістіктерде «масақтану» – «гүлдену» фазаларында, жағдайы тегіс жақсы.

Оңтүстік облыстарда жылу сүйгіш дақылдарды себу науқаны аяқталған, вегетациялық суаруға, қатарлар арасын қопсытуға, күріш чектеріне су жіберуге кіріскен.

2022 жылдың мамыр айының 2-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз