2022 жылы Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне 100 жыл толды. Жыл бойы Қазгидромет, жүз жылдық мерейтойға арналған акциялар мен іс–шараларды өткізуде. Солайша бүгін, ауа райы қызметінің еңбек сіңірген қызметкерлерін — "Қазгидрометтің 100 жылдығы" төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті.
Марапатталғандар — гидрометеорологиялық қызметте 30-40 жыл тынымсыз еңбек еткен сала ардагерлері болды. Ардагерлерге Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушы — Шалабекова Әлия Лазаревна, лайықты медальдарын табыс етті. Айта кетсек, олардың көпшілігі өз ісінің бірнеше кәсіби буынын тәрбиелеген, тәжірибелі тәлімгерлер.
Видеобайланыс арқылы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның бас хатшысы – Петтери Таалас пен ДМҰ президенті – Адриан Герхард, сондай-ақ Түркия мен Ресей Федерациясының гидрометеорологиялық қызметтерінің басшылары өз тілектерін айтты.