Біздің қызметкерлер Германияда білім алды

IconЖарияланды 03.06.2022

2022 жылдың 23-27 мамырында ECO-ARAL жобасы, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) және жерді бақылау бойынша оқыту бағдарламасының кезекті үшінші модулін өткізді. Оның шеңберінде Қазақстан мен Өзбекстанның Ұлттық серіктестерінің қатысуымен, Германияға оқу бойынша іс-сапар ұйымдастырылды. Солайша, біздің мамандар – жетекші ғылыми қызметкер Тұрсын Тиллакарим мен жетекші метеоролог-инженер Тәуке Қозыке, Германиядан білім алып келді.

Бағдарламаға қатысушылар, Берлиндегі Райнер Лемоин институтының (RLI) жобалық қызметімен танысты, жаңартылатын көздерден электр-жылу энергиясын толық алатын Фельдхайм ауылына (Бранденбург штаты) барды, Потсдам климатқа әсер етуді зерттеу институтында (PIK, Потсдам қ.) болды. Сонымен қатар, қатысушылар әлемдегі ең ірі жерді бақылау конференцияларының бірі болып табылатын – Living Planet Symposium 2022 (тірі ғаламшар 2022) симпозиумына қатысты. Сондай-ақ, ГАЖ өнімдерін пайдалану бойынша, неміс аэроғарыштық орталығының (DLR), Esri және басқа да сарапшылардың кеңестерін алды.

Бұл оқу сапары, тренингтер топтамасының соңғы үшінші кезеңі болды. Қатысушылар, оқыту бағдарламасының қорытындысы бойынша алған білімдері мен дағдыларын, ГАЖ және жерді бақылау негізінде жоспарлау, шешімдер қабылдау, экологиялық және басқа да жобаларды енгізу процестерінде қолдана алады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз