Сайд-ивент: "Климаттың өзгеруі жағдайындағы гидрометеорологиялық қызметтің рөлі"

IconЖарияланды 06.06.2022

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің 2022-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспарының жол картасын орындау шеңберінде, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің 100 жылдығын мерекелеу шеңберінде Қазгидромет "Климаттың өзгеруі жағдайындағы гидрометеорологиялық қызметтің рөлі" тақырыбында бейнеконференция өткізді.
Онлайн іс-шараға, ДМҰ-ның бас хатшысының орынбасары – Елена Манаенкова және Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстанның гидрометеорологиялық қызметінің өкілдері қатысты.

Кездесуде, Елена Манаенкова құттықтау сөз сөйледі. Қазақстан тарапынан баяндаманы, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің директорының орынбасары – Наталья Давлетьярова оқыды. Ал "Қазгидромет" РМК Ғылыми-зерттеу орталығының директоры – Нұрлан Абаев, климаттың өзгеруі жағдайында гидрометеорологиялық қызметтің рөлі туралы баяндама жасады. География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, география ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры – Сальников Виталий Григорьевич, Қазақстандағы гидрометеорологиялық білім берудің заманауи үрдістері туралы баяндаманы ұсынды.

Сайд-ивенттің басты тақырыбын талқылауда, академиялық шеңбер өкілдері – "География және су қауіпсіздігі институты"АҚ сөз сөйледі.
Кездесу қорытындысы бойынша, қатысушылар климаттың өзгеруі – қазіргі заманның өзекті жаһандық проблемаларының бірі екенін, ТМД ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері мүдделі ұйымдармен бірлесіп, қауіп-қатерлерге қарсы күреске қатысуды күшейтетінін атап өтті. Сондай-ақ, климаттың өзгеруін мониторингілеуде және оны бағалауда ҰГМҚ-ның жоғары рөлі атап өтілді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз