2022 жылдың мамыр айының 3-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 07.06.2022

Мамыр айының үшінші онкүндігінде орын алған метеорологиялық жағдайлар жаздық дәнді дақылдардың өсіп өнуіне қолайлы, нормадан жоғары жауын-шашын еліміздің батысында және оңтүстігінде жауған, қалған аймақтарда нормаға жуық және нормадан төмен болған.

Солтүстік өңірлерде, Ақтөбе облысында, еліміздің шығысы мен орталығында топырақты алдын ала өңдегеннен және арам шөптер мен тұқымдықтарды улағаннан кейін жаздық дәнді дақылдарды себу науқаны жалғасуда. Батыс Қазақстан облысында жаздық бидайды себу аяқталуда, өсімдіктердің жағдайы барлық жерде жақсы.

Оңтүстік облыстарда жаздық арпаның жағдайы жақсы, даму фазасы «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» - «дәннің сүттенуі», Алматы облысының кеш себілген егістерінде «астықтың өнуі» - «түйін тамырының пайда болуы».

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қоғалы станциясының маңайындағы бақылау учаскелерінде жаздық бидай мен арпа себу жұмыстары жалғасуда.

Еліміздің оңтүстігінде күздік бидайдың өсуі мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар орын алған, жауын-шашын топырақ ылғал қорын жақсартқан. Даму фазасы «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы»  - «дәннің сүттенуі», кейбір жерлерде «дәннің уыздануы». Жылу сүйгіш дақылдарды (күріш, соя, қант қызылшасы, мақта) себу аяқталды, жеке учаскелерде дәндік жүгері егу жалғасуда. Қатар аралық өңдеуге, азотты тыңайтқыштарды енгізуге, вегетациялық суаруға, күріш алқаптарына су жіберуге және суды ағызуға кіріскен. 

2022 жылдың мамыр айының 3-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз