2022 ж мамыры несімен есте қалды

IconЖарияланды 08.06.2022

2022 жылғы мамырда, ауа райы Қазақстанның батыс және шығыс жартысында күрт ерекшеленді: республиканың батысында айдың көп бөлігінде циклондық қызмет байқалып, жауын-шашын, кейде қатты (Маңғыстау облысындағы Қызан метеостанциясында 9 мамырда тәулігіне екі айлық норма - 42 мм түсті), 23 м/с дейінгі екпінді жел, жекелеген аудандарда шаңды дауыл орын алды. Батыс аймақтардағы температура фоны, салыстырмалы түрде төмен болды.

Елдің шығысында, керісінше, жоғары қысым аймағы басым болды, жауын-шашын іс жүзінде байқалмады және ауа температурасы рекордтық деңгейге жетті. Айдың басында және соңында бірқатар метеорологиялық станцияларда ең жоғары ауа температурасының рекорды жаңартылды. Мысалы, Семей метеостанциясында 27 мамырда абсолюттік рекорд тіркелді, ол +35,4°С (алдыңғы рекорд 1961 жылы +35,1°С) құрады.

Республиканың батыс жартысына Солтүстік теңіздердің аудандарынан суық және ылғалды ауа массаларының үздіксіз ағыны жүріп жатты, ал елдің шығыс жартысына Иран мен Жерорта теңізінің аудандарынан тропикалық ауа массаларының қуатты шығарылуы жүзеге асырылды.

Еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында тұрақсыз ауа райы байқалды, ұзақ жылы ауа райынан кейін суық ауа райы қайтарылды. Мысалы, 5-6 мамырда бұл аймақта ауа райы жылы болды, күндіз +20+26°С дейін жылынды, ал 7-8 мамыр аралығында түнде термометрлер -1-5°С дейін төмендеді.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына келетін болсақ, мұнда атмосфералық фронттардың шиеленісуі есебінен бір ай ішінде найзағай, бұршақ, екпінді желмен қатты жаңбыр (15-58 мм) жиі байқалды, жекелеген күндері 31-42 м/с жетті. Кейбір күндері бірқатар метеостанцияларда ауаның ең жоғары температурасы бойынша рекордтар орын алды, мысалы, 9 мамырда Шардара метеостанциясында (Түркістан облысы) ауа температурасы +36,0°С дейін көтерілді (2018 жылы +32,5°С болды).

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз