Қазгидромет оқушыларға экскурсия өткізді

IconЖарияланды 09.06.2022

Қазгидромет қызметкерлері, елордалық №75 мектеп-гимназия оқушыларына экскурсия өткізді. Экскурсия барысында балалар, "Қазгидромет" РМК мұражайымен танысты. Мұнда тарихи құжаттар, метеорологиялық құралдар және Қазгидрометтің еңбек сіңірген қызметкерлерінің деректі естеліктері жинақталған.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің тарихы мұражайы, 100 жылдық мерейтойымызға орай ашылған еді.

Біздің еліміздің аумағындағы ауа райын бақылау 19 ғасырдың ортасында, келесі метеостанцияларда басталды:
1848 ж. Қазалы, 1854 ж. Семей, 1856 ж. Ырғыз және Қызылорда, 1859 ж. Алматы және Орал қалаларында. XX ғ олардың саны 28-ге жетті. 1922 ж. қаңтарында Орынборда Кирнаркомзем жанындағы Бас физикалық обсерваторияның метеорологиялық бюросы құрылды. Дәл осы оқиғадан, қазіргі заманғы Қазгидрометтің тарихы басталады.

Осылайша жас қазақстандықтар, тарихи аспаптарды және олардың заманауи аналогтарын көрді, сондай-ақ метеорологиялық мониторингтен бастап, ауа райы болжамын жасауға дейінгі барлық үдерістің қалай жүретінін білді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз