Қазгидромет, қуаңшылық болжамының нақтылануына сәйкес, Шет (Қарағанды обл.) және Қарқаралы аудандарын (Қостанай обл. Амангелді ауданы) қоспағанда – мұнда қалыпты құрғақшылық күтіледі, республиканың басым бөлігінде маусым айы қолайлы болады деп болжайды. Маусым айында қатты құрғақшылық, тек Қармақшы ауданында (Қызылорда обл.) болады деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетсек, 27 мамыр күні Қазгидромет маусым айының бірінші онкүндігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жариялады.
Қазақстанның қалған аумағында ылғалдандыру жағдайлары нормаға жуық, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында, сондай-ақ Маңғыстау облысының Маңғыстау және Бейнеу аудандарында орташа ылғалды болады деп болжануда.