Экологтар мен гидрологтарды тарту: Қазгидромет пен BINOM EDUCATION меморанду жасасты

IconЖарияланды 16.06.2022

Бүгін, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК-ы мен ЖШС «BINOM EDUCATION», ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын басшылыққа ала отырып, еріктілік, ашықтық және тепе-теңдік қағидаттары негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимыл жасау.

Ал қосалқы мақсаты — жастарды мамандық таңдауға дайындауға бағытталған ғылыми негізделген іс-шаралар жүйесін құру болып табылады. Сондай-ақ, меморандум аясында екі тарап жас мамандарды: экологтар мен гидрологтарды тарту туралы келісім жасасты.

Ынтымақтастықтың бағыттары келесідей:
• Қазақстанның қоршаған ортасының жай-күйі мониторингі мәселелері шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларға, бағдарламаларға және іс-шараларға (дөңгелек үстелдер, семинарлар, БАҚ-та сөз сөйлеу, конференциялар, зерттеулер және т.б.) бірлесіп қатысу;
• Қоршаған ортаның жай-күйі туралы экологиялық ақпарат алу үшін консультациялар өткізу, тәжірибе алмасу және озық технологиялармен алмасу;
• Тараптар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылатын өзекті экологиялық мәселелер бойынша бірлескен бағдарламалар әзірлеу.

Тараптар арасындағы ынтымақтастық, экологиялық мәселелер мен зерттеулер бойынша бірлескен жоспарлар, бағдарламалар, жобалар, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер түрінде жүзеге асырылатын болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз