2022 жылдың маусым айының 1-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 16.06.2022

Маусымның бірінші онкүндігінде республиканың солтүстік жартысындағы барлық астық себілетін аудандарда жаздық дәнді дақылдарды себу науқаны аяқталған. Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын біркелкі болмаған, ең көп жауын-шашын Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жауған, елдің қалған бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болған. Дәнді дақылдардың даму фазасы «дәннің өнуі» – «түптену», ерте себілген егістерде – «түтікке шығу» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы». Барлық дәнді дақылдар егістіктерінде арамшөптерге қарсы гербицидтермен өңдеуге кіріскен.

Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы күздік бидай себілген аудандарында да астықтың қалыптасуына, өсіп-өнуіне және пісуі мен дәннің толығуына қолайлы жағдайлар болған. Жауған қысқа мерзімді жауын-шашын топырақ ылғал қорын біршама толықтырған. Күздік бидайдың даму фазасы «гүлдену» - «дәннің уыздануы».

Барлық жерде жылу сүйгіш дақылдарды (күріш, мақта, жүгері, қант қызылшасы, соя) себу науқаны аяқталды, қатараралық өңдеуге, топырақты қолмен қопсытуға, күріш чектеріне су жіберуге және вегетациялық суаруға кіріскен.

2022 жылдың маусым айының 1-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз