ОКҚ брифингі: еліміздегі экологиялық жағдай

IconЖарияланды 15.06.2022

2022 жылдың 15 мамыр күні,  “Еліміздегі экологиялық жағдай туралы” тақырыбында ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММ баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясында, спикерлер ретінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі — Сүлейменова Зүлфия Болатқызы мен «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары — Сайыров Серік Бияхметұлы сөз сөйледі.

Конференция барысында, Зүлфия Болатқызы елдің ағымдағы экологиялық жағдайы туралы айтып берді. Солайша, аталмыш брифингте ҚР ЭГТРМ вице-министрі: ««Халық үніне құлақ асатын мемлекет» постулатын ұстана отырып, экологияның өзекті мәселелерін шешу бойынша жұртшылықпен, әкімдіктермен және табиғат пайдаланушылармен талқылау жүргіздік. Нәтижесінде 16 жол картасы қабылданды. 485 іс-шара қарастырылған. 2020–2022 жылдың 1 тоқсаны аралығында жоспарланған іс-шаралардың 50%-дан астамы орындалды. Біз осы жол карталарын өзектендіру қажеттілігі бар екенін көріп отырмыз. Жұртшылықты белсенді қатысуға шақырамыз. 2025 жылға қарай жол карталарын іске асыру 10 қалада атмосфераның ластану индексін жоғары деңгейден орташа деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз», - деді. Сондай-ақ спикер, журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға, соның ішінде Жол карталарын іске асыру, қалдықтарды мемлекеттік реттеу, стихиялық қоқыс орындарын жою сияқты экологиялық сауалдарға жауап берді.

Ал «Қазгидромет» РМК  өкілі – Серік Бияхметұлы болса, ел аумағында мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау желісінің саны мен даму динамикасы туралы баяндама жасады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз