2022 жылдың маусым айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 28.06.2022

Маусымның екінші онкүндігінде орын алған метеорологиялық жағдайлар жаздық дәнді дақылдардың өсіп өнуіне қанағаттанарлық болған, жауған жауын-шашын топырақта ылғал қорының қалыптасуын біршама жақсартқан.

 Еліміздің солтүстік жартысында жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы, жеке учаскелерде қанағаттанарлық. Даму фазасы «3-жапырақ» - «түтікке шығу», ерте себілген егістерде «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» - «масақтану». Барлық жерлерде егістіктерді арамшөптерге қарсы гербицидтермен өңдеуге, зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес мақсатында кейбір жерлерде улы химикаттармен өңдеуге кіріскен.

Оңтүстік облыстарда жаздық бидайда «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» - «дәннің сүттенуі», жаздық арпада «сүттену» – «толық пісу» кезеңдері байқалған. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы және жақсы, өткен онкүндіктің басында Талдықорған және Нарынкөл станцияларының маңайындағы учаскелерде бидай мен арпаны суаруға кіріскен.

Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік бидай себілген аудандарда астықтың гүлденуіне және толық пісуіне қолайлы жағдайлар болған. Елдің оңтүстік-шығысында онкүндік бойы жауған жауын-шашын, топырақтағы ылғал қорының сақталуына ықпал еткен. Даму фазасы «дәннің сүттенуі» - «толық пісуі», Алматы облысының жекелеген учаскелерінде – «масақтану».

Жылу сүйгіш дақылдардың (жүгері, күріш, қант қызылшасы, соя) жағдайы жақсы, қолмен қопсыту және жырту, өсімдіктерді суару жалғасуда, күріш чектеріне су жіберіле бастаған, жолдар арасын босатып, мақтаны үстеп құнарландыруға кіріскен.

2022 жылдың маусым айының 2-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз