«Қазгидромет» РМК метеостанцияларында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

IconЖарияланды 05.07.2022

Жалпы Қазақстан бойынша 15 өңірлік филиалда «Қазгидромет» РМК балансында метеорологиялық станциялар, гидрологиялық бекеттер, экологиялық мониторинг станциялары, зертханалар, аэрологиялық станциялар және әкімшілік ғимараттарды қоса алғанда 900-ден астам нысандар бар.

Нысандарды ағымдағы және күрделі жөндеу ғимараттарының физикалық жағдайы мен «Қазгидромет» РМК қаржылық мүмкіндіктері ескеріле отырып, жыл сайын жүргізіледі. Жедел немесе апаттық жөндеу жұмыстары бірінші кезекте қаржыландырылады, өйткені кәсіпорынның бюджеті шектеулі.

2020-2021 жылдар кезеңінде метеостанциялар мен гидробекеттердің 82-ден астам ағымдағы және қалпына келтіру жөндеулері жүргізілді, 8 блок-модульді ғимараттар сатып алынды, 4 нысанға электрмен жабдықтау және 3 объектіге сумен жабдықтау жүргізілді. Доплер метеорологиялық радиолокаторларын (ДМРЛ) орнату үшін 4 металл мұнара салынып, пайдалануға берілді. Қостанай филиалының және Алматы қаласы бойынша филиалының әкімшілік ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізілді. 2022 жылы Ақтөбе филиалының әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге шарт жасалды.

«Қазгидромет» РМК проблемалық нысандарынан – «Жаңатас» метеорологиялық станциясының қызметтік үй-жайы. 2021 жылдан бастап ғимарат апаттық деп бағаланды. Комиссиялық тексеру нәтижелері бойынша 2022 жылғы ақпанда оны жаңа орынға ауыстыру туралы шешім қабылданды, себебі қазіргі орналасқан жері басқару құжаттарының талаптарына сәйкес келмейді және ғимаратқа жөндеу жүргізу мүмкін емес. Жаңатас қаласының әкімдігімен бірлесіп, метеорологиялық станция мен станция қызметкерлеріне арналған мобильді блок-модульді орналастыру үшін жаңа жер учаскесі таңдалды. Жаңа блок-модуль көшіру үшін дайын, орналасу орнын растау күтілуде. 2022 жылдың сәуір айында Жамбыл облысы және Жаңатас қаласының әкімдіктеріне «Жаңатас»  метеорологиялық станциясына жаңа жер телімін бөлу туралы хат жолданды.

Жамбыл облысының 13 метеорологиялық станциясының бақылау желісін дамытудың бекітілген жоспарына сәйкес 2021 жылы 3 станцияда («Тараз», «Мерке» және «Төле би») жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы «Қазгидромет» РМК барлық филиалдары бойынша 48 атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын пункттерде және метеорологиялық станция (ағымдағы жөндеу, сумен жабдықтауды қосу, жылытуды жөндеу, газдандыру, электрмен жабдықтау және т.б.) жұмыстар жоспарланған. Сондай-ақ, 5 гидрологиялық бекет, электр беріліс жолы (ЭБЖ) және ДМРЛ үшін мұнара құрылысына қаражат бөлінді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз