Орталық Азияда қардың жиналуы мен еруі мониторингін жақсарту бойынша онлайн семинар

IconЖарияланды 08.07.2022

2022 жылдың 5 шілдесінде инновациялық су және экологиялық шешімдер компаниясымен (IWES) (Германия) ұйымдастырылған алғашқы аймақтық онлайн семинар өтті. Аталған семинар Орталық Азияда қардың жиналуы мен еруі мониторингін жақсарту SNOW-CA жобасы шеңберінде өткізілді. Жобаның мақсаты – бұрын әзірленген қардағы эквиваленті су мөлшері мен қардың еруі мониторингінің жетілдірілген тәсілін сынап көру. Жоба осы тәсілді Орталық Азияның бес өзенінің су жинау алабтарында қолдануға және таңдалған өзен алаптары үшін қардың еруі мониторингінің қолданыстағы жүйесін құруға мүмкіндік береді. Жоба нәтижелері: күн сайын жаңартылатын кеңістіктік карталар, қар жамылғысының биіктігі және қардағы су мөлшері, оның ішінде статистикалық деректер ретінде жобаға қатысушы барлық гидрометеорологиялық қызметтерге пайдалануға қол жетімді болады

Семинарға Қазақстан тарапынан "Қазгидромет" РМК қызметкерлері қатысып, барлық қатысушылары өз қызметі туралы презентацияларын көрсетті, қардың еруін болжау және мониторинг саласындағы өз әзірлемелері мен жетістіктерімен алмасты.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз