ЖСИ (Жауын-шашынның стандартталған индексі) болжамына сәйкес жауын-шашын тапшылығы Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Ақтөбе облысының Айтекеби және Хромтау ауданыдарында, Алматы облысының Алакөл уданында, Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Абай облысының Семей қаласы маңайында және Қызылорда облысының басым бөлігінде күтіледі.
Құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында болжанды.
Қазақстанның қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жақын, ал Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының жеке аудандарында оңтайлы болады.
Барлық болжамдар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақты түрде ұсынылады, сондай-ақ www.agrodata.kz қосымшасында жарияланады