Қазгидромет Ауыл шаруашылығы министрлігінің құттықтауын қабыл алады!

IconЖарияланды 11.07.2022

Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Әбілхайыр Омарбек пен Егіншілік департаменті басқармасының басшысы Марлен Оспанов еліміздің аграрлық секторы атынан Қазақстанның ұлттық Гидрометеорологиялық қызметін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Қазгидромет пен ҚР АШМ тығыз жұмыс байланыстарады. Қазгидромет 70 жылдан астам уақыт бойы болжау әдістері мен ақпаратты ұсыну тәсілдерін жетілдіруді жалғастыра отырып, ауыл шаруашылығы саласына өзекті агрометеорологиялық ақпаратпен қызмет көрсетіп келеді. Ауыл шаруашылығы секторы үшін Қазгидромет қызметкерлері фермерлерге арналған веб-қосымшаны әзірледі және енгізді, онда барлық ауа райы болжамдары, топырақтың өнімді ылғал қоры мөлшері, себу мерзімдері бойынша ұсынымдар және тағы басқада ақпараттар қолжетімді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз