Филиалдардың жұмысын жариялау бойынша айдарда - Қарағанды филиалы

IconЖарияланды 14.07.2022

«Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы ең ірі болып табылады және Қарағанды мен Ұлытау облыстары бойынша жұмысты біріктіреді. Филиал қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілік деңгейін арттыру мәселесіне ерекше назар аударады. Жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарымен, облыстың халықты жұмыспен қамту орталықтарымен тығыз байланыс сақталуда. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелері тұрақты бақылауға алынған.

  • Ақпараттық-техникалық бөлімнің (АТБ) мамандары доплерлік метеорологиялық радиолокаторларға (ДМРЛ) қызмет көрсету бойынша оқытудан өтіп, сертификаттар алды.
    • 2021 жылы агрометеорологиялық бекеттер (АМП) бақылау желісі «АРМАН» бағдарламасына деректерді жедел толтыру үшін планшеттермен қамтамасыз етілді, оқыту жүргізілді.
  • 2022 жылы филиалдың барлық метеостанциялары компьютерлермен жабдықталып, интернет желісіне қосылды.
  • 2021-2022 жылдары Ақсу-Аюлы, Қарағанды ауылшаруашылық тәжірибе станциясы (АШТС), Жарық, Ақтоғай, Бектау-ата метеорологиялық станцияларының қызметкерлері ғимараттарға жаңалау жөндеу жұмыстарын жүргізді.
  • АТБ бекітілген жоспар-кестеге сәйкес МС, АМС және СКАТ уақтылы қызмет көрсетеді.
  • 2021 жылы және 2022 жылдың қаңтар - мамыр айларында Қарағанды мен Жезқазған аэрологиялық станцияларында (АЭ) атмосферасының радиозондалуы бойынша бақылау жоспары 100% орындалды.
  • 2021 жыл ағымында су тасқынынан кейінгі шығу барысында Гидрология бөлімімен су тасқынынан кейінгі бекеттерді ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
  • 2022 ж. қаңтар – наурызда гидрология бөлімінің қызметкерлері көктемгі су тасқынына дайындық бойынша жұмыстарды орындады: су тасқыны алдында 29 бекетке шығу жүзеге асырылды, Су өлшеу бекеттеріне нивелирлеу жүргізілді, жұмысқа қажетті аспаптар мен жабдықтар әкелінді, аспаптар мен жабдықтарға түгендеу жүргізілді, олардың жарамдылығы тексерілді, барлық гидрологиялық бекеттермен үздіксіз телефон байланысы қамтамасыз етілді.
  • 2022 жылғы су тасқыны көп сулы, қауіпті деңгейлер және асып кету Үлкенқұндызды шағын өзендерінде және Есіл өзенінің жоғарғы ағысында болды, қауіпті деңгейлерге Талды және Шерубайнұра өзендерінің деңгейі жақындады. Су тасқынына бақылау жүргізуде олқылықтар болған жоқ. Су тасқынынан өту кезінде филиал мамандары тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.
  • 2019 жылдан бастап «Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының өкілдігі болып табылады. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар белсенді түрде өткізіледі, балаларды қорғау күніне орай «Шапағат» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды.
Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз