Филиалдардың жұмысын жариялау бойынша айдарда - Қостанай филиалы

IconЖарияланды 15.07.2022

Өңірлік филиалдардың жұмысын жариялау, жөндеу жұмыстары мен жетістіктері бойынша тұрақты айдарда – Қостанай филиалы.

2021 жылы Қостанай облысы бойынша филиалымен бақылау желісінің жағдайын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

  • 2020 жылы 4 гидрологиялық бекет ашылды.
  • 2021 жылы Тобыл өзені-Жітіқара қ., Тобыл өзені-Введен а., Тобыл өзені-Молодежное а. және Құндызды өзені-Новоселовка а. өзендерінде 5 өзен және 2 көл гидрологиялық бекеттері ашылды.
  • 2021 жылы филиал ғимараттары күрделі жөндеуден өтті.
  • Зертхананың үй-жайлары күрделі жөндеуден кейін есірткі құралдары мен прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану Ереже талаптарына, сондай-ақ санитарлық нормаларға сәйкес келтірілді.
  • Қостанай филиалының зертханасында: жер үсті суларын талдау бөлмесі, атмосфералық ауаны талдау бөлмесі, салмақ өлшеу бөлмесі, инженерлік бөлме, жуу бөлмесі, материалдар мен реактивтерге арналған қойма, прекурсорларға арналған қойма, тауар-материалдық қорлар (ТМҚ) сақтау қоймасы бар.
  • 2021 жылғы мамырда Лисаков қ., Жітіқара қ. және Арқалық қ. AQM-09 экологиялық бекеттері орнатылды.
  • 2021 жылдың маусым айының басында филиал Ресей тарапымен Милютин және Варваринка трансшекаралық гидрологиялық бекеттерінде Челябі және Қорған облыстарының гидрометеорологиялық қызметтерінің өкілдерімен бірлескен іріктеулер жүргізді, сондай-ақ іріктеуге «Қостанай облысы бойынша экология департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі РММ өкілдері қатысты.
  • 2022 жылы бірлескен іріктеу жазғы кезеңге жоспарланған.
  • 2021 жылғы шілдеде Автоматты агропостарда (АМП) өлшеу құралдары: ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасының датчигі 3 АМП-ға ауыстырылды, сондай-ақ желдің бағыты мен жылдамдығының құрамдастырылған датчиктері 5 АМП-ға ауыстырылды.
Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз