Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Өңірлік филиалдардың жұмысын жариялау, жөндеу жұмыстары мен жетістіктері бойынша тұрақты айдарда – Ақтөбе филиалы.
2021 жылы Ақтөбе облысы бойынша филиалы бақылау желісінің жағдайын жақсарту бойынша ауқымды жұмыс атқарды.
• Жаңадан екі автоматты метеорологиялық станция (АМС) ашылды олар: Шалқар ауданында Бегімбет АМС және Байғанин ауданында Жарлы АМС.
• 2021 жылы Шалқар МС-да Доплерлік метеорологиялық радиолокатор орнатылды. 2022 жылдың мамыр айында ДМРЛ құжат түрінде пайдалануға берілді.
• Басқұдық, Жағабұлақ, Красноярское, Новороссийское МС АМС санатына ауыстырылды.
• Филиал қызметкерлері монтаждау жұмыстарын жүргізе отырып, Ақтөбе АМС-ын Басқұдыққа, Новоалексеевка АМС-ын Красноярскаяға, Қарауылкелді АМС-ын Жағабұлаққа, Мәртөк АМС-ын Бегімбетке, Возвышенка (СҚО) АМС-ын Жарлыға көшірді.
• Гидрологиялық желі үшін қайық өткелдерін салу жобалары әзірленді, сараптамадан өтті және оң қорытындылар алынды. 4 гидробекетте (ГБ) қайық өткелдері салынды, олар: Тамды ГБ, Бесқоспа ГБ, Алтықарасу ГБ, Тассай ГБ.
• Темір-Ленин ГБ-не Жағабұлақ МС-ның мобильді ғимараты көшірілді, жылу жүйесі мен күн электр станциясы орнатылды.
• Сондай-ақ 2021 жылы екі метеостанцияны сумен жабдықтау және 6 метеостанцияны газбен жабдықтау бойынша ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) түзетілді.
• Шалқар МС және Ақтөбе АЭ-ге (аэрологиялық станция) су құбыры жүргізілді.
• 100 жылдыққа байланысты жүз жылдық алты станцияның қызметтік ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, олар: Ақтөбе МС, Шалқар МС, Ырғыз МС, Темір МС, Ойыл МС, Ембі МС.
• Облыс аумағында 24 гидробекет жұмыс істейді, оның ішінде су шығынын өлшейтін 22, бірінші деңгейлі 1, көлде орналасқан 1 және автоматты 4 гидробекет бар.
• 2021 жылы Басқұдық, Жағабұлақ, Новороссийское, Красноярское автоматты метеорологиялық станцияларында қар биіктігін өлшейтін SD9 датчиктері орнатылды.
• Филиал қызметкерлері өз біліктіліктерін тұрақты негізде арттырып отырады, тренингтерге, семинарларға, оқу курстарына қатысады.
• 2022 жылы филиалдың әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
• Нұра, Новоалексеевка, Қос-Истек, Қарауылкелді, Ильинский, Мұғалжар, Қарабұтақ, Аяққұм МС-ның ғимараттары жөндеуді талап етеді, филиал ақау актілерін жасады, 2023 жылы қаражат бөлу үшін құжаттар дайындалды.