2022 жылдың шілде айының 1-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 15.07.2022

Шілденің бірінші онкүндігінде жаздық дәнді дақылдардың өсіп өнуіне және олардың толық пісуіне, сондай-ақ елдің оңтүстігінде егін жинау жұмыстарының жүргізілуіне қолайлы жағдайлар қалыптасқан. Республиканың солтүстік жартысында нормадан жоғары жақсы жауын-шашын болған, бұл ауаның атмосфералық ылғалдануына біршама ықпал еткен. Елдің солтүстік облыстарда, орталығы мен шығысының барлық жеріндегі дәнді дақылдар егістіктерінде арамшөптерді гербицидтермен өңдеу жалғасуда.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында бидай егістігін өсу реттегішімен өңдеуге кіріскен.

Республиканың солтүстік жартысында дәнді дақылдар егістіктерінде «масақтану» – «дәннің сүттенуі» даму фазалары байқалған. Дәнді дақылдардың жай-күйі көбінесе жақсы, жекелеген учаскелерде қанағаттанарлық (Ақтөбе, Ақмола, Павлодар).

Оңтүстік облыстарда жаздық дәнді дақылдардың жай-күйі барлық жерде жақсы. Даму фазасы «масақтану» – «толық пісу», барлық жерде егін жинау жұмыстарына кіріскен (арпа).

Күздік бидай өсірілген аудандарда астықты толтыру және толық пісу, сондай-ақ егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы жағдайлар болған. Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік бидай «дәннің уыздануы» – «толық пісу» кезеңінде, жекелеген учаскелерде егін жинауға кіріскен.

2022 жылдың шілде айының 1-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз