Филиалдардың жұмысын жариялау бойынша айдарда - Алматы облысы бойынша филиалы

IconЖарияланды 18.07.2022

Өңірлік филиалдардың жұмысын жариялау, жөндеу жұмыстары мен жетістіктері бойынша тұрақты айдарда – Алматы облысы филиалы.

  • «Қазгидромет» РМК Алматы облысы бойынша филиалының қызмет ету аймағында 1 қатынасы қиын станция (ҚҚС), 11 метеостанция, 7 автоматты станция, 1 автоматты агрометеорологиялық бекет, 29 гидрологиялық бекет жұмыс істейді. Филиал – Алматы және Жетісу бойынша екі облыс жұмысын біріктіреді.
  • 2021 жыл және 2022 жылдың 1 жартыжылдығы кезеңінде метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрологиялық және экологиялық қызмет бойынша жұмыстар толық көлемде орындалды:
  • Гидрологиялық бекеттерде: Тентек ө. – Төңкеріс шатқалы, Ү.Өсек ө. және К.Өсек ө. ҚҚС ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді.
  • 2020-2021 жылдары Лепсі метеостанцияларындағы қоршауды ауыстырды және 4 метеостанцияда (МС): Жаркент, Алакөл, Сарқанд және Матай су құбырын жүргізді.
  • «Талдықорған» МС аумағында доплерлік метеорологиялық радиолокатор (ДМРЛ) орнатылды, толық көлемде жұмыс істейді.
  • Жалаңашкөл және Тентек ө. – Төңкеріс шатқалы, Ү.Өсек ө. және К.Өсек ө. ҚҚС қызметкерлері үшін азық-түлік сатып алынды және жеткізілді.

Қосымша бақылаулар жүргізілуде:

  • радиациялық гамма-фонды өлшеуге 4 станция жұмылдырылған: (Сарыөзек, Жаркент, Талдықорған және Лепсі).
  • Түскен жауын - шашынның ластануына планшет сынамасы әдісімен 3 станция (Жаркент, Талдықорған және Лепсі) және барлық түскен жауын-шашынның жиналу әдісімен Текелі станциясы жұмылдырылды.
  • Су бетінен булануға 2 станция жұмылдырылған: Үштөбе және Сарқанд.
  • Ақжар және Жалаңашкөл АМС тұрақты жұмыс істеу үшін спутниктік терминалдар орнатылды.
  • Үшарал метеорологиялық станциясында топырақтың қату және еру тереңдігіне бақылаулар қосылды.
  • Агрометеорологиялық бақылау өндірісіне 6 МС (Жаркент, Қоғалы, Лепсі, Сарқанд, Талдықорған, Үштөбе), 2 АМС (Ақжар, Жансүгіров), 1 АМП (Қосағаш) және 1 ААП (Қызылту) жұмылдырылған.
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының жай-күйі мен параметрлерін бақылау 28 бақылау бекеттерінде жүргізіледі.
Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз