Филиалдардың жұмысын жариялау бойынша айдарда - Атырау филиалы

IconЖарияланды 19.07.2022

Өңірлік филиалдардың жұмысын жариялау, жөндеу жұмыстары мен жетістіктері бойынша тұрақты айдарда – Атырау филиалы.

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалында қазіргі танда он бір метеостанция (МС): Атырау, Махамбет, Пешной, Сағыз, Құлсары, Қарабау, Индербор, Ганюшкино, Жаңа Үштаған және екі автоматты метеорологиялық станция (АМС): Мақат және Исатай.

  • 2021 жылы метео жабдықтар, дербес компьютерлер жеткізілді, сондай-ақ барлық МС интернет желісімен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді.
  • Индербор, Сағыз, Атырау қаласындағы аэрологиялық газ генераторы, сондай-ақ Иголкин банкіндегі қатынасы қиын бекет пен мобильді ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізілді.
  • 2021 жылы Махамбет МС-да екі бөлмелі мобильді тұрғын блок модулі орнатылды.
  • Атырау МС метеоалаңында қоршауды ауыстырылды.
  • Индербор және Құлсары метеостанцияларында желдің бағыты мен желдің жылдамдығын бақылайтын М-63 анеморумбометр орнатылды.
  • 2022-23 жылдары Құлсары және Жаңа Үштаған 2 станциясында жөндеу жоспарланған.
  • 2021 жылы 6 моноблок, 10 үздіксіз қоректендіру көзі сатып алынды және филиал мамандары метеостанцияларда орнатты.
  • Барлық гидробекеттерде су алды, су тасқынынан кейінгі нивелирлеу және инспекциялар жүргізілді.
  • Атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын үш станция көшірілді. Станцияларды тасымалдау үшін атмосфералық ауаның ластануына неғұрлым бейім аудандар таңдалды.
  • 2021 жылы Атырау қаласы мен Атырау облысының аумағында 5 автоматты ықшам экологиялық мониторинг станциясы (АПЕК оқу орталығы, Индер, Жанбай, Мақат және Ганюшкино кенттерінде) орнатылды.
  • Филиалдың кешенді зертханасы НКОК компаниясының (19 станция), Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) (4 станция) және «Теңізшевройл» ЖШС (4 станция) автоматты экологиялық бекеттерінен мониторинг жүргізеді. Барлық алынған ақпарат AirKz мобильдік қосымшасында, экологиялық ақпараттың интерактивті картасында қолжетімді және Атырау қаласының LED экрандарында тұрғындары көру үшін орналастырылған.
  • 2022 жылдан бастап жылжымалы зертхананың көмегімен Атырау қаласында үш жерде өлшеулер жүргізіледі: Жұмыскер кенті, Атырау вокзалы, Қара өзен – буландырғыш қалалық тоғаны.
  • 2021 жылы атмосфералық ауадағы ұшпа органикалық қосылыстар мен меркаптандарды анықтау үшін Газды хроматограф сатып алынды.
  • 2022 жылы ұшпа органикалық қосылыстарға қоршаған орта мониторингінің кешенді зертханасын аккредиттеу саласын кеңейту жоспарлануда.
Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз