Алынған алдын ала есептік деректерге сәйкес, республиканың солтүстік жартысында, 2022 жылғы жаздық бидайдың өнімділігі орташа көп жылдық мәнге жуық болады деп күтілуде.
Орташа көп жылдық мәндерге жуық және одан жоғары:
- Қостанай облысының Денисов, Қамысты, Қарабалық және Федоров аудандары;
- Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың, Жамбыл, Қызылжар және Мамлют аудандары;
- Ақмола облысы Сандықтау ауданы.
Орташа көп жылдық мәндерге жуық:
- Павлодар және Қарағанды облыстарында.
Нормадан жоғары:
- Алтайда, Катонқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы.
- Ақтөбе облысында, Мұғалжар ауданын қоспағанда.
- Батыс Қазақстан облысында, Бәйтерек және Сырым аудандарын қоспағанда.
Өнімділіктің соңғы болжамы, тамыз айының басында нақтыланады.
Сондай-ақ, алдын ала болжамы, фермерлерге арналған — "АgroData" қосымшасында қолжетімді екенін естеріңізге саламыз (https://agrodata.kz/#/forecasts/drought-productivity).