Филиалдардың жұмысын жариялау бойынша айдарда - Шығыс Қазақстан филиалы

IconЖарияланды 19.07.2022

Өңірлік филиалдардың жұмысын жариялау, жөндеу жұмыстары мен жетістіктері бойынша тұрақты айдарда – Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы.

«Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы ең ірі болып табылады және Шығыс Қазақстан мен Абай облыстары бойынша жұмыстарды біріктіреді. Филиалда метеорологиялық мониторинг 30 метеорологиялық станцияда (МС), гидрологиялық мониторинг 64 гидробекетте (ГБ), атмосфералық ауаның ластануын бақылау 28 стационарлық бекетте жүргізіледі. 2021-2022 жылдары гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша жер үсті суларының сапасына мониторинг 11 өзенде, 2 су қоймасында және 2 көлде жүргізілді.

  • 2021-22 жылдары Семиярка, Шар, Үлкен Нарын, Селезневка және Ақсуат МС ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
  • Самарка, Шалабай, Күршім, Зырян және Лениногор МС мобильді ғимараттар орнатылды.
  • Есепті кезеңде экологиялық және гидрометеорологиялық мақсаттағы құралдарға жөндеу жүргізілді.
  • МС жұмысы үшін қажетті жабдықтар мен құралдар сатып алынды: тұғырлары мен баспалдақтары бар психрометриялық будкалар, баспалдақтары бар өздігінен жазағыштар будкалары, Третьяков жауын-шашын өлшегіші, термографтар, жер қатуын өлшеу, рейкалы төсеніштер ауыстырылды.
  • Жаңа гидробекеттерде реперлер мен белгілер орнатылды.
  • 2021 жылы қар өлшеу маршруттарына 10 шатыр, кариматы бар 20 жатын қап және 25 жылу іш киімі жиынтығы сатып алынды және жеткізілді.
    • 2021 жылы желіде қызметкерлердің 50% - дан астамы жаңа арнайы киіммен қамтамасыз етілген.
  • Жаңа гидробекеттерде маусымдық жұмыстарға оқыту жүргізілді.
  • 63 гидробекетте бақылау нивелирлеуге және инспекциялар жоспарлы жүргізілді.
  • 2021-2022 жж. су тасқыны алдындағы кезеңде әкімдік, Қазақселқорғау және ШҚО ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп көктемгі су тасқыны бойынша облыс аумағының аса қауіпті учаскелерін 4 рет визуалды аэротексеру жүргізілді.
  • Өскемен қаласындағы атмосфералық ауаның мониторингі ТЖ кезінде және ҚМЖ (қолайсыз метеожағдайлар) күндері жылжымалы зертхананың көмегімен жүргізіледі.
Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз