Филиалдардың жұмысын жариялау бойынша айдарда - Алматы қаласы бойынша филиалы

IconЖарияланды 20.07.2022

Тұрақты айдарда, өңірлік филиалдардың бір жыл ішінде атқарған жұмыстарын көрсету бойынша – Алматы қаласы б. филиалы.

 

"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша филиалында метеорологиялық мониторинг, 20 метеорологиялық (МС), 15 автоматты (АМС), 2 қар көшкін, 5 жетуі қиын, 1 аэрологиялық станцияда, 2 агро, 40 гидро бекетте, 7 қар өлшеу маршруттарында, ал атмосфералық ауаның мониторингі болса, 16 экологиялық бекетте және 2 жылжымалы зертханада жүргізіледі.

 

  • 2021-22 жылдары Есік және Жаңалаш МС-да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, Қапшағай МС-ның қызметтік мобильді үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
  • Әкімшілік ғимараттың және ішкі үй-жайлардың қасбетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
  • Зертхана бөлмелерінде ағымдағы жөндеу аяқталды.
  • 2021 жылы Кіші Алматы өзенінің 2 гидрологиялық бекетінде –  "Тұйықсу"Альпбазасында жөндеу жұмыстары жүргізілді.
  • ОУА ҚКС қызметтік-тұрғын үй ғимаратының шатырын ауыстыру бойынша жұмыстар орындалды.
  • Шымбұлақ ҚКС-ын сумен жабдықтауды монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілді.
  • Қырғызсай МС-ның мобильді үйі көшірілді.
  • Ақмола облысынан Алматы облысының туристік аудандарына 3 АМС-ын (АМС Көлсай – Саты а., АМС Шарын және АМС Турген) көшіру және орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.
  • Еңбекшіқазақ ауданындағы (Ашыбұлақ ауылы) Олимпийская а. АМС-ын көшіру және орнату жұмыстары аяқталды.
  • 2021 жылдың қаңтарынан бастап ҚХР-мен трансшекаралық Нарынқол гидро бекеті – Нарынқол а. ашылды.
  • Барлық су өлшегіш құрылғыларында нивелирлеу орындалды.
  • Жеті метеостанцияда топырақтың ылғалдылығын бақылау үшін Delta аспабы орнатылды.
  • 2021 жылғы қаңтардан бастап 4 автоматты бекетте озонды анықтау бойынша газталдағыштар орнатылды.
  • 2021 жылы атмосфералық ауадағы бенз(а)пиренді анықтау үшін "Люмахром" маркалы сұйық хроматограф алынды және қаңтардан бастап қол бекеттерінде қолданылуда.
  • 2021 жылы «YOUNG IN Chromass Co., Ltd, Корея» өндірген YL6500GC газ хроматографы алынды.
  • 2021 ж. наурыз айында филиалдың зертханасы "НЦА" ЖШС тексерісінен өтті.
  • 2021 жылдың мамыр айында Қорғас өзенінде – Басқұншы а., келісілген су сынамалары алынды. Сынамаларды іріктеу ҚР мен ҚХР шекарасында жүргізілді.
  • 2021 жылғы шілдеден бастап қол бекеттерінде, қосымша азот оксиді бойынша бақылаулар жүргізіле басталды.
  • Алматы және Талғар қалаларында атмосфералық ауаның сапасын бақылаудың ықшам автоматты датчиктері орнатылды, аспап 6 компонент бойынша үздіксіз режимде жұмыс істейді (қалқыма бөлшектер – РМ 2.5, РМ 10, (шаң) азот оксиді мен диоксиді, күкірт диоксиді мен көміртегі оксиді).
Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз