Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Тұрақты айдарда, өңірлік филиалдардың бір жыл ішінде атқарған жұмыстарын көрсету бойынша – Солтүстік Қазақстан облысы б. филиалы.
"Қазгидромет" РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында метеорологиялық мониторинг, 11 метеорологиялық (МС), 5 автоматты метеорологиялық станцияда (АМС), 11 агрометеорологиялық, 11 автоматты агрометеорологиялық (ААП), 19 гидрологиялық бекетте (оның ішінде 18 суөлшеуіш, 13 ағынды, 1 көлді, сондай-ақ 11 метеобақылау) жүргізіледі.
* 2021 жылы Явленка, Саумалкөл, Петропавл, Рузаевка, Возвышенка, Благовещенка, Кішкенекөл, Тайынша және Чкалово метеорологиялық станцияларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
* 2021 жылы Саумалкөл МС-да ауа райы алаңының қоршауы ауыстырылды.
* Сергеевка және Саумалкөл метеостанцияларында мобильді ғимараттар орнатылды.
* 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, "Жастар" — жаңа агрометеорологиялық бекеті ашылды.
* Тайынша МС-да электр жарығы жөнделіп, Кішкенекөл, Явленка, Тайынша және Чкалово МС-де діңгектер орнатылды.
* Сергеевка МС-ның мобильді ғимараты электрмен жабдықтауға қосылды.
* Барлық 11 МС-да психрометриялық күркелер ауыстырылды.
* Тимирязев және Петропавл МС-да көктайғақ білдегі орнатылды.
* 12 бақылау пунктінде топырақтың қату тереңдігін 3 метрге дейін өлшеу мүмкіндігі бар тоң өлшегіштер орнатылды.
* Новоишим ААБ-де, автоматты агробекет бақылау учаскесіне жақын жерге көшірілді, қоршау орнатылды.
* Барлық 11 МС-да компьютерлер жаңартылды.
* 2021 жылғы 1 шілдеден бастап СҚО метеостанциялары шұғыл жеделхаттарды, тікелей WEB-интерфейс арқылы жіберуге мүмкіндік алды, тиісті оқыту жүргізілді.
* Барлық метеостанциялар мен агробекеттер аспаптармен, жабдықтармен, арнайы киімдермен және қарадымдағыштармен толық көлемде жабдықталды.
* 10 агробекет және 10 гидробекет планшеттермен қамтамасыз етілді.
* 2022 жылдың сәуір айында "Ұлттық аккредиттеу орталығы" ЖШС, зертхананың МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкестігін растады.
* Су тасқыны алдында барлық бекеттер араланды, сондай-ақ оларға көктемгі гидрологиялық жұмыстарды жүргізу бойынша әдістемелік кеңестер берілді.
* Су тасқыны кезеңінде барлық бекеттер ақпараттық жұмысқа тартылды, гидрологиялық жағдай күн сайын БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланып тұрды.