Қазгидромет жаздық дәнді дақылдардың пісетін мерзімдерінің болжамын жариялады

IconЖарияланды 21.07.2022

Есептеулерге сәйкес, Қазақстанда дәнді дақылдардың пісу мерзімі негізінен орташа көп жылдық мәнге жуық болады деп күтілуде.

Батыс облыстарда жаздық дәнді дақылдардың мерзімі, егіс мерзіміне байланысты, негізінен көп жылдық мәндерге жуық және кешірек болады деп болжануда.

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау және Теректі аудандарында "балауыздың пісуі" кезеңі әдеттегі мерзімнен бұрын күтіледі.

Ақтөбе облысының Мәртөк, Хромтау және Қарғалы аудандарында орташа көп жылдық күннен кешірек. Солтүстік облыстарда негізінен жаздық дақылдар тамыздың басында, тамыздың екінші жартысында, Ақмола облысының Целиноград ауданында шілде айының соңында көпжылдық мерзімдерден ерте піседі.

Еліміздің шығысы мен орталығында негізінен тамыз айының басында, Шығыс Қазақстан облысының Үржар және Ұлан аудандарында, Қарағанды облысының Нұра және Абай аудандарында шілде айының соңында.

Көктемгі дақылдардың пісіп-жетілу мерзімі, атмосфералық және топырақ құрғақшылығы болған жағдайда ертерек басталуы мүмкін. Әдетте жоғары ауа температурасы пісуді тездетеді, ал төмен температура дәнекке қоректік заттардың түсуін баяулатады немесе тоқтатады.

Барлық агрометеорологиялық болжамдар,

"Қазгидромет" РМК сайтында қолжетімді: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/agrometeorologicheskie-prognozy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз