Маусым айында жылудың қарқынды толқыны, Қазақстанның көптеген өңірлерінде температуралық рекордтардың орнатылуына алып келді. Мысалы, 08 маусымда Қарағанды метеорологиялық станциясында ауаның ең жоғары температурасы +34,0°С құрады, солайша 1994 жылғы рекорд бұзылды (+33,7°С). Ал 11 маусымда Өскемен МС-да ауаның ең жоғары температурасы +37,2°С болды, соңғы рет ауаның бұндай жоғары температурасы 2003 жылы байқалды.
Елдің оңтүстік жартысында, қарқынды жылу толқыны айдың басында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында байқалды. Мәселен, 25 маусымда Қызылорда метеорологиялық станциясында ең жоғары ауа температурасы тіркелді, ол — +44,2°С-ты құрады, осылайша 2000 жылдың 25 маусымы +41,9°С белгісіне жеткен рекорд жаңартылды. Жезқазған МС-да болса ауа температурасы +41,9°С +42,0°С-қа дейін барды, соңғы рет мұндай жоғары ауа температурасы 1998 жылы (+39,7°С) байқалды.
27 маусымда Ақтау МС-да ауа температурасы +43,1°С белгісіне жетіп, 2021 жылғы рекордтан асып түсті (+39,6°С). 29 маусымда Алматы қаласында ең жоғары ауа температурасы 1998 жылғы рекордты (+34,6°С) жапты — +35,5°С құрады. Тараз МС-на келсек, мұнда ең жоғары ауа температурасы +41,0°С болды, ол өз кезегінде 1994 жылғы осы күнгі рекордты (+37,8°С) жаңартты.
Ал Шымкент қаласында болса, тіптен бүкіл ай бойы ауа температурасы +40,4°С-тан түспеді. Түркістан МС-да ең жоғары ауа температурасы +43,0°С болды, осылайша 1993 жылғы рекорд жабылды, ол күні ең жоғары ауа температурасы +40,8°С болған еді.
Бұдан басқа, Алматы облысында бір ай ішінде, ал Павлодар облысында айдың соңында қатты жел секілді қолайсыз метеорологиялық жағдайлар бақыланды, олар өз кезегінде АГҚ өлшемдеріне (Апатты гидрометеорологиялық құбылыс) алып келді. Мәселен, Достық (Алматы облысы) автоматты метеостанциясында (АМС) 01, 06, 13, 28 маусым күндері солтүстік-батыст желі күшейіп, екпіні 31-40 м/с дейін барды.
Елорда — Нұр-Сұлтан қаласында болса, ең жоғары ауа температурасы 25 маусымда тіркелді, бұл күні термометрлер бағандары + 38,0°С-ты көрсетті.