Ескерте кетсек, бұл әзірге сынақтама болжамдар. Аталмыш дақылдардың болжамды моделі, 2020 жылы бейімделді және ол өндірістік сынақтардан өтуде.
Алынған есептерге сәйкес, сондай-ақ қалыптасқан және күтілетін агрометеорологиялық жағдайды ескере отырып, осы маусымда астыққа жүгері өнімділігі Алматы, Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында негізінен орташа көп жылдық мәндерден жоғары болады деп күтілуде.
Ал Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарында қант қызылшасының өнімділігі көп жылдық мәннен жоғары болады деп болжануда.
Болжам, егістіктегі өсімдіктер судың вегетациялық суару нормасын алған жағдайда әзірленді. Алайда, егер көкөніс дақылдарын вегетациялық суару нормалары мен мерзімдері сақталмаса, онда болжаммен салыстырғанда егіннің жетіспеуі мүмкін.
Естеріңізге салсақ, барлық болжамдар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне үнемі ұсынылуда.