2022 жылдың шілде айының 2-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 28.07.2022

Шілде айының екінші онкүндігінде Қазақстанның басым аймағында жоғары температуралық фон байқалған, жауын-шашын көбінесе нормадан төмен, кей жерлерде солтүстік пен шығыста нормадан жоғары жауын түскен, мұндай жағдайлар егіннің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында арамшөптер мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда.

Оңтүстік облыстарда орын алған метеороогиялық жағдайлар дәннің толуына, пісуіне және дәнді дақылдарды жинау жұмыстарына қолайлы болған.

Еліміздің солтүстік жартысында жаздық дәнді дақылдар егістігінің жағдайы көбінесе өте жақсы және жақсы, жекелеген учаскелерде қанағаттанарлық. Даму фазасы «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы» –«дәннің уыздануы», кеш себілген егістерде «түтікке шығу».

Республиканың оңтүстігінде жаздық бидайдың жағдайы жақсы. Даму фазасы «гүлдену» – «дәннің уыздануы», көктемгі арпа «масақтану» – «толық пісу» кезеңінде. Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында арпаны жинау жұмыстары жалғасуда.

2022 жылдың шілде айының 2-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз