2022 жылдың шілде айының 3-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу

IconЖарияланды 08.08.2022

Шілде айының үшінші онкүндігінде елдің солтүстік жартысында жауған жауын-шашын жаздық дәнді дақылдардың толуына қолайлы болған, бірақ ауа температураның жоғарылауы гүлдену кезінде жағдайды нашарлатып, бұл егістіктердің дәнсіз масақтануына, соның нәтижесінде егіннің жоғалуына әкелуі мүмкін. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында бидай егістігін химиялық өңдеу жалғасуда.

Даму фазасы «масақтану» - «дәннің уыздануы», кейбір учаскелерде «толық пісу» және кеш себілген егістерде «түптену» - «төменгі сабақ түйінінің пайда болуы». Бақылау учаскелеріндегі жаздық дәнді дақылдардың жағдайы көбінесе жақсы, кей жерлерде өте жақсы, жеке учаскелерде қанағаттанарлық, Павлодар облысының Ертіс және Тереңкөл аудандарында егістіктердің сиреуіне байланысты нашар (бидай).

Оңтүстік облыстарда астықтың толық пісуіне және күздік бидай мен арпаны жинау жұмыстарының аяқталуына қолайлы жағдайлар орын алған.

Алматы облысында жаздық дәнді дақылдардың жағдайы жақсы, «дәннің сүттену» - «толық пісу» даму кезеңдерінде, Талдықорған және Сарқанд станцияларының маңайларында егін жинауға кіріскен.

Жылу сүйгіш дақылдардың жағдайы (жүгері, күріш, мақта, соя, қант қызылшасы) өте жақсы және жақсы, вегетациялық суару жалғасуда.

Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында картоп отырғызылған учаскелерде «гүлдену» - «пәлектің солуы» фазалары байқалған. Өсімдіктердің жағдайы барлық жерде өте жақсы және жақсы. Картопқа қолмен су жіберуге және вегетациялық қатар аралық суару жұмыстары жалғасуда.

2022 жылдың шілде айының 3-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз