Шілде айының үшінші онкүндігі, негізінен елдің оңтүстік жартысында өте ыстық болды. Бұған Иран мен Орта Азия аймақтарынан жылы ауа массаларының қарқынды шығарылуы және орта тропосферада жылу жотасының орнатылуы ықпал етті.
Солайша, жаңа температуралық рекордтар орнатылды: 19 шілдеде Ақтау МС-да (Маңғыстау облысы) ең жоғары ауа температурасы +43,0°С тіркелді, осылайша 2018 ж рекорд жаңартылды (+40,2°С). 20 шілдеде Жезқазған МС-да (Ұлытау облысы) ең жоғары ауа температурасы +41,3°С тіркелді, соңғы рет осы күні абсолюттік максимум 2012 ж +40,0°С құрады. 21 шілдеде Қызылорда МС-да ауа температурасының рекордтық көрсеткіші +44,6°С белгісіне жетті, бұл 2018 ж рекордты (+41,9°С) жауып тастады. 22 шілдеде еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде термометр бағандары +40 +46°С белгісіне жетті.
Бірақ 22 шілдедегі температуралық рекордтар келесі станцияларда жабылды: Алматы қ. ең жоғары ауа температурасы + 39,3°С құрады, 1956 ж рекорд жабылды (+39,0°С), Тараз МС-да ең жоғары ауа температурасы +42,0°С болды, бұл 1987 ж рекордты жауып тастады (+39,0°С). Шымкент қ. ауаның ең жоғары температурасы +42,7°С құрады, соңғы рет бұл күні ең жоғары ауа температурасы 2018 ж +40,5°С болды.
Атмосфералық фронттардың шиеленісуімен температуралық рекордтардан басқа, республика аумағында айдың басында және соңында айлық нормадан 2-4 есе артық қатты нөсер жаңбыр байқалды. Мысалы, 3 шілдеге қараған түні Чапаев МС-да (Батыс Қазақстан облысы) екі айлық жауын-шашын нормасынан көп — 49 мм (бір айдағы норма 20 мм), Қарабау МС-да (Атырау облысы) сол күні 21 мм жауын-шашын түсті.
5 шілдеде Новоалексеевка МС-да (Ақтөбе облысы) 38 мм, ал бұл күні Киевка МС-да (Қарағанды облысы) 83 мм жауын-шашын түсті. 23 шілдеде Жаңа Үштоған МС-да (Атырау облысы) тәулік ішінде 24 мм, ал 28 шілдеде Ақтау МС-да (Маңғыстау облысы) 44 мм, 29 шілдеде Степногорск МС-да (Ақмола облысы) 88 мм жауын-шашын түсті.
Елорда — Нұр-Сұлтан қ., бір ай ішінде рекордтар байқалмады, ең жоғары ауа температурасы 16 шілдеде тіркелді, бұл күні термометрлер +35,1°С белгісіне жетті, бір айда жауын-шашын 35 мм құрады.