"Қазгидромет" РМК климаттық кадастры танымал болуда

IconЖарияланды 15.08.2022

1 тамыздан бастап ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес мемлекеттік климаттық кадастр қолжетімді болды. Бірінші аптада электрондық платформсында 70-тен астам пайдаланушы тіркелді.

Мемлекеттәк климаттық кадастрды жүргізу метеорологиялық ақпаратты өңдеудің барлық кезеңдерінің нәтижелерінен қалыптастырылады және үш бөліктен тұрады:

1.            Метеорологиялық айлық мәліметтер;

2.            Метеорологиялық жылнамалар;

3.            Қазақстан климаты бойынша анықтамалықтар.

Қазіргі уақытта 2021 жылдан бастап айлық және жылдық форматында мәліметтер еңгізілген. Метеорологиялық айлық мәліметтер есепті кезеңінен 2 айдан кейін, метеорологиялық жылнамалар есепті кезеңінен 6 ай аралығында жарияланады, ал Қазақстан климаты бойыша анықтамалықтың бөлімдері 10 жылда бір рет жаңартылып, дайын болуына қарай жарияланады.   

Қазіргі таңда 1991-2020 жылдар аралығындағы жаңартылған климаттық нормалар 5 сипаттама бойынша қол жетімді. Жуырда өткен кезеңдер бойынша (1971-2000 жж., 1981-2010 жж.) нормалар платформаға еңгізіледі.

Қазгидрометте кестелер тізбесін көбейту, метеорологиялық мәліметтер базасын толықтыру және осы кадастрдың электрондық нұсқасының бағдарламалық қамтамасыз ету функцияларын кеңейту бойынша жұмыс жалғастырылады.

Барлық деректер" Қазгидромет " РМК сайтында қол жетімді https://meteo.kazhydromet.kz/climate_kadastr/

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз