Күзде жаңбырлы күндер, құбылмалы ауа райы, жаңбыр, екпінді желмен қатар, жылы шуақты күндер де күтіледі.
Күзге арналған консультативтік маусымдық ауа райы болжамына сәйкес, күздің алғашқы екі айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы, 1-2°-қа нормадан жоғары болады деп болжануда. Қараша айы, республиканың басым бөлігінде жылы, ал Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстік жартысында — норма шегінде жылы болады деп болжануда.
Қыркүйек және қазан айларында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормадан аз болады деп болжануда, яғни көбінесе құрғақ болады. Қараша айында елдің көптеген облыстарында жауын-шашын — климаттық нормаға жақын болады деп күтіледі.
Маусымдық ауа райы болжамы жылына алты рет шығарылады:
1 жылы жарты жылдыққа арналған болжам,
1 суық жарты жылдыққа арналған болжам, олар Қазақстан Республикасының 17 облысы бойынша қыс, көктем, жаз және күзге арналған 4 тоқсандық болжаммен нақтыланады:
* 15 ақпан көктемге (наурыз-мамыр);
* 15 наурыз жылы кезеңге (сәуір-қазан);
* 15 мамыр жазға (маусым-тамыз);
* 15 тамызда күзге (қыркүйек-қараша);
* 15 қазан суық кезеңге (қараша-наурыз);
* 15 қараша қыста (желтоқсан-ақпан).
Маусымға арналған болжам:
* 1991-2020 жылдар аралығындағы бақылаулар қатары бойынша, ҚР облыстарының аумағы бойынша ай ішіндегі ауа температурасының және жауын-шашын (норма) көлемінің орташа көпжылдық мәндерінің кестесі.
* ҚР облыстары бойынша көпжылдық орташа мәннен (норма) ауа температурасының ауытқуы мен жауын-шашын мөлшерінің күтілетін таралуының қысқаша сипаттамасы;
* бір айдағы орташа ауа температурасының нормадан күтілетін ауытқу карталары;
* жауын-шашын мөлшерінің нормадан күтілетін ауытқу карталары.
Анықтама: маусымдық ауа райы болжамы қаралып отырған маусым үшін климаттық шамалардан ауытқу (аномалиялар) түрінде (көпжылдық норма) көрсетілген орташаланған метеорологиялық параметрлердің (ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері) сипаттамасын білдіреді.
Маусымдық болжамды кеңес беру ретінде пайдалану керек.