Тамыздың екінші онкүндігінде еліміздің солтүстік жартысында жаздық дәнді дақылдардың толық пісуіне және егін жинау науқанының басталуына көбінесе қанағаттанарлық жағдай болған. Ақтөбе және Павлодар облыстарынан басқа аймақтардың бақылау учаскелерінде жаздық дәнді дақылдардың өнімін іріктеп жинауға кіріскен. Жауған жауын-шашын әсіресе (нормадан жоғары), Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында егін жинау жұмыстарының басталуына, ал ауа температурасының төмендеуі астық сапасына біршама әсер еткен.
Республиканың солтүстік жартысында дәнді дақылдар егістіктері көбінесе «уызданып пісу» - «толық пісу», Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының жеке учаскелерінде –«масақтану» және «гүлдену» даму фазалары байқалған. Егістердің жағдайы көбінесе жақсы, нашар егістіктерде кездесетін Павлодар облысының жеке учаскелерінде қанағаттанарлық.
Оңтүстік облыстарда Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарын қоспағанда, жаздық дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталған.
Еліміздің оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының жылу сүйгіш дақылдарының (жүгері, күріш, мақта, қант қызылшасы, соя) жағдайы өте жақсы және жақсы, вегетациялық суару жұмыстары жалғасуда.
Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарының картоп отырғызылған учаскелерінде «гүлденудің соңы» -«пәлектердің солуы» фазалары байқалған, өсімдіктердің жағдайы тегіс өте жақсы және жақсы, Павлодар облысының жеке учаскелерінде қанағаттанарлық.
2022 жылдың тамыз айының 3-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy