«Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Әлімбаева Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған панельдік сессиясына қатысты.
Қазақстанның астанасында өтіп жатқан бұл сессия елімізде климаттық ақылды агрометеорологияны ілгерілету жобасын іске асыруға арналған. Д.Әлімбаева өз баяндамасында БҰҰДБ-ға Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін алғысын білдіріп, Қазгидрометтің агрометеорологиялық саладағы жетістіктеріне толық тоқтап өтті. Атап айтқанда, Орталық Азияда теңдесі жоқ, фермерлерге арналған веб-қосымша 2020 жылы ойдағыдай іске қосылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен және фермерлік кәсіпорындармен бірнеше жыл бойы жасалған тығыз ынтымақтастық осы қосымшаның қажеттілігі мен тиімділігін дәлелдеді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының қызметтерін жетілдіру үшін болашақ дамудың басым бағыттарын көрсетті.