Дүниежүзілік Банк Австрияның метеорология және геодинамика орталық институтымен (ZAMG) бірлесіп «Қазгидромет» РМК-ге қашықтықтан сараптамалық бағалау жүргізді.
Жүргізілген талдау гидрометеорологиялық қызметтің он түрлі элементіне шоғырландырылды, атап айтқанда, басқару және құрылым, бақылау инфрақұрылымы, деректер мен өнімді басқару, сандық модельдеу құралдарын қолдану және тағы басқа.
Жалпы алғанда, бағалау «Қазгидромет» РМК-нің өзіндік мәртебесі қалыптасқан, көптеген білімді де білікті қызметкерлер істейтін, техникалық инфрақұрылымы сенімді, қолданыстағы жұмыс процедуралары мен әдістерін жүзеге асырып отырған кәсіпорын екенін көрсетті.
Сарапшылар Қазгидрометте бақылау желісін дамыту елдің экономикалық секторларының өзіндік қажеттіліктеріне, әртүрлі өңірлердің климатына, аумақтың физикалық және географиялық тұрғыдан әртүрлілігіне байланысты жүргізілетінін атап өтті.
Тексеруші тараптың ұсынымдары Қазгидрометтің жұмысты күшейтуі қажет салалары көрсетілген үш негізгі санатқа бөлінді.