2022 жылғы 14-15 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Гидрометеорология жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесінің (ТМД ГМК) 33-ші сессиясы онлайн режимде өтті. Сессияны ТМД ГМК Төрағасы, Армения Республикасы Қоршаған орта министрлігінің «Гидрометеорология және мониторинг орталығы» МКҰ директоры Левон Азизян құттықтау сөзімен ашты. Л.Азизян ГМК кеңесінің мүшелері атынан «Қазгидромет» РМК Бас директоры және Қазақстанның Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымындағы (ДМҰ) ресми өкілі Данара Алимбаеваны ТМД ГМК 33 сессиясы кеңесінің төрағасы болып сайлануымен құттықтап, кеңес алдында тұрған міндеттерді шешуде табыс тіледі.
Сессия жұмысына Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан делегациялары, сондай - ақ ДМҰ бас хатшысының орынбасары Елена Манаенкова бастаған ДМҰ өкілдері мен ТМД Атқарушы комитетінің басшысы - Қауіпсіздік және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық департаментінің директоры Александр Буров қатысты.
Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, қатысушылардың ұсыныстарын талқылап, аталған мәселелер бойынша шешімдер қабылдады.