20-22 қыркүйекте Астанада Орталық Азия елдерінің гидрометеорологиялық қызметінің қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Семинар тақырыбы-метеорология, климатология және гидрология (МСН) бойынша сандық мәліметтер базасын енгізу. Семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.
"Қазгидромет" РМК қызметкерлері 2017 жылы МСН электрондық базасының бірінші нұсқасын енгізіп, оған су қоймаларындағы судеңгейінің, су температурасының және т.б. тәуліктік өзгерістері бойынша мәліметтер енгізілді. Соңғы бес жыл ішінде Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) әзірлеушілері оны жетілдіріп, әртүрлі гидрологиялық сипаттамаларды есептеу үшін бірнеше модуль қосты, мысалы, су тасуын есептеулер, су қоймаларының тасуы немесе таяздануының болжамының есебі.
Бүгінгі таңда тек "Қазгидромет" РМК қызметкерлері өз жұмысында МСН базасын пайдаланады, осыған орай Орталық Азия қызметтері үшін семинар "Қазгидромет" РМК-да өткізілді.
Таныстыру курсына қатысушылар МСН-ты практикалық қолдануды талқылады, гидрологтар үшін су өтімін тәулік сайын есептеу тәсілдерін қарастырды. Кездесу қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінің метеоқызметтері бірыңғай форматта деректермен жылдам алмасу мүмкіндігі үшін ұқсас базаларды пайдалану туралы шешімге келді.