«Қазгидромет» РМК мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2022-2025 жылдарға «Гидрология» және «Метеорология» факультеттері студенттерінің үздіксіз кәсіби практикадан өтуін ұйымдастыру туралы бірқатар шарттарға қол қойды. Келісімдер студенттерден басқа ҚазҰУ бакалаврлары, магистранттары мен докторанттарына арналған практиканы да қамтиды.
Метеорология және гидрология кафедрасы - Қазақстанның гидрометеорологиялық саласының мамандарын даярлайтын негізгі орын болып табылады, ал Қазгидромет - осы факультеттер үшін негізгі жұмыс беруші, сондықтан да өзінің әлеуетті қызметкерлері үшін өндірістік және зерттеу практикасын жүргізуге тікелей мүдделі.
Тараптар жыл сайын академиялық күнтізбенің кестесін бекітеді және өндірістік практиканың қорытындысы бойынша студенттерге мінездеме мен білім деңгейінің бағасы беріледі.
«Қазгидромет» РМК-де 3000-нан астам қызметкер жұмыс істейді және олардың басым бөлігі еліміздің ең көне жоғары оқу орындарының бірі -
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері!