«Қазгидромет» РМК апта сайын Каспий теңізі бойынша бюллетень шығарады. Бюллетеньде өткен кезеңдегі теңіз деңгейінің жай-күйіне шолу, теңіз деңгейінің бес күнге арналған болжамы және Каспий теңізінің Қазақстан жағалауының әртүрлі пункттеріндегі желшегерме-желкөтерме құбылыстарының болжамдық мәндері ұсынылады (https://www.kazhydromet.kz/.../ezhenedelnyy-obzor...).
Теңіз деңгейінің желшегерме-желкөтерме тербелістерінің қауіпті мәндері болжанған жағдайда, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының жаппай қырылуына жол бермеу үшін Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп жағалау аумағының мониторингін күшейтеді.