Алдағы демалыс күндері орталығы Баренц теңізінің үстінде орналасқан циклонның терең жырасы Қазақстан аумағының батысынан шығысына қарай жылжи отырып, өз жолында жаңбыр түріндегі жауын-шашын алып келеді: елдің солтүстік, шығыс және таулы аймақтарында түнгі және таңғы сағаттарда жаңбырдың ылғалды қарға ұласуы мүмкін, тұман байқалады, жел күшейеді, республиканың оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл күтіледі. Еуропа аймақтарынан келетін суық антициклон жаңа аптаның басында республиканың батысында, содан кейін солтүстігінде жауын-шашынның тоқтауына себеп болады.
Ауа температурасының елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі сағаттарда 3 градус аяз-5 градус жылыға дейін, күндіз 3-13 градус жылыға дейін, республиканың батысында түнде 1-9 градус жылыға дейін, күндіз 15-25 градус жылыға дейін, Қазақстанның оңтүстігінде түнде 1-6 градус жылыға дейін, таулы аудандарда 2-7 градус аязға дейін, күндіз 12-20 градус жылыға дейін қысқа мерзімге төмендейді.