Қазан айының бірінші онкүндігінде Қазақстанның астық себілетін аудандарының басым бөлігінде орташа жылы, қысқа мерзімді жауын-шашынды ауа райы байқалған. 1-2 күн ішінде жауған жауын-шашын Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарының жекелеген учаскелерінде жаздық дәнді дақылдарды жинауды біршама кешіктірді.
Түнгі уақыттарда байқалған минус 2...14°С дейін аяз ел аймағының көп бөлігінде ауыл шаруашылығы дақылдары үшін қауіпті болмаған, бірақ таңертеңгі уақытта егін жинау жұмыстарын жүргізуді біршама қиындатқан.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күздік бидай себілетін аудандарда топырақ дайындау және егіс жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы жағдайлар қалыптасқан. Алматы облысында (Талдықорған станциясы) және Жамбыл облысында (Қордай агропосты) күздік бидай егуге кіріскен, дала жұмыстарының сапасы жақсы.
Жылу сүйгіш дақылдардың жағдайы (дәнді жүгері, қант қызылшасы, соя, мақта) өте жақсы және жақсы. Жүгері мен соя жинауға кіріскен сондай ақ Ордабасы ауданында алғашқы мақта жинау жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылдың қазан айының 1-ші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолумен, толығырақ келесі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз: https://www.kazhydromet.kz/ru/agrometeorology/kratkiy-obzor-agrometeorologicheskih-usloviy