ICON оқыту курсы - шетелдік ауа-райы қызметтерінде қолданылатын эксперименттік сандық болжау моделі болып табылады. Бағдарламаны әзірлеушілер - Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын бірқатар еуропалық мемлекеттер. Қазіргі уақытта Неміс метеорологиялық қызметі (DWD) Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып оны Орталық Азияда пайдалануға бейімдеу жұмысын жүргізуде. Эксперименттік курс Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан гидрометеорологиялық қызметтерінің мамандары үшін ұйымдастырылды. Оқыту тренингісіне сонымен қатар қазіргі уақытта өз жұмысында ICON-ды қолданатын Румыния мен Израильдің ауа райы қызметтерінің өкілдері қатысты.
12-14 қазанда интенсивті тренинг өтті. Оқыту барысында Азия елдерінің өкілдері модельді бұлтқа орналастыру бойынша практикалық сабақтардан өтіп, оның пайдасы мен артықшылықтарын нақты зерттеді. Негізінен, оқыту ауа-райын сандық болжау модельдерімен (мысалы, COSMO) танысып үлгерген, «тәжірибелі» пайдаланушылар және ақпараттық технологиялар мамандары үшін ұйымдстырылды.